Қарағанды облысының шаруалары Астанадағы жәрмеңкеге 830 тоннадан астам өнімдерін әкелді

Фотография - Қарағанды облысының шаруалары Астанадағы жәрмеңкеге 830 тоннадан астам өнімдерін әкелді

Бүгін Астанадағы дәстүрлі жәрмеңкеге Қарағанды облысының кәсіпкерлері ауыл шаруашылық өнімдерін алып келді

174 0

Бүгін Астанадағы дәстүрлі жәрмеңкеге Қарағанды облысының кәсіпкерлері ауыл шаруашылық өнімдерін алып келді.

Олар жалпы салмағы 830 тоннадан астам өнімді елорда бағасынан 20 пайыз арзанға сатуда.

Атап айтар болсақ, жәрмеңкеге Абай, Ақтоғай, Бұқар жырау, Жаңаарқа, Қарқаралы, Нұра, Осакаров, Ұлытау, Шет аудандары мен Қарағанды, Сарань, Шахтинск, Балқаш, Теміртау қалаларынан166 кәсіпкер өз өнімдерін әкелген. Өнімдер арасында 450 тонна картоп, 250 тонна көкөніс, 65,5 тонна ет, 8 тонна шұжық, 17,5 тонна сүт өнімдері, 500 мың дана жұмыртқа, 9 тонна балық және басқа да азық-түлік қамтылған.

Жәрмеңкені аралап көрген Астана қаласының әкімі Иманғали Тасмағамбетов Қарағанды облысының шараға тыңғылықты дайындықпен келгенін атап өтті. «Қарағанды облысы бүгінгі жәрмеңкеге 800 тоннадан астам ауыл шаруашылығы өнімдерін алып келді. Өнім өте сапалы және орта есеппен алғанда Астана нарығынан шамамен 20 пайызға төмен бағамен сатылуда. Өздеріңіз көріп отырсыздар, халық көптеп келіп, риза болып қайтып жатыр. Бұдан өнімнің сапалы әрі арзан екенін көруге болады», - деп атап өтті ол.

Өз кезегінде Қарағанды облысының әкімі Бауыржан Әбдішев бұл дәстүрдің жылда жалғасын табатынына уәде берді. «Биыл біздің өңірде соңғы 20 жылда болмаған мол өнім алынды. Бүгінгі жәрмеңкеге облысымыздың адамдары өз қолдарымен өсірген өнімдер әкелініп отыр. Бұл дәстүрлі бұдан былай да жалғастыра бермекпіз», - деп атап өтті Б. Әбдішев.

Жәрмеңкенің қатысушыларына және қонақтарға облыстың шығырмашылық ұжымдары көонцерттік бағдарламалар мен қолөнер жұмыстарының көрмесін ұсынды.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!