Қызылордада қару-жарақ тапсыру шарасы 31 қазанға дейін ұзартылды

Фотография - Қызылордада қару-жарақ тапсыру шарасы 31 қазанға дейін ұзартылды

Қызылорда қаласында қару-жарақ тапсыру қарқынды жүріп жатыр. Бұған акцияның 31 қазан айына дейін ұзартылғаны жаңа серпін берді

226 0

Қызылорда қаласында қару-жарақ тапсыру қарқынды жүріп жатыр. Бұған акцияның 31 қазан айына дейін ұзартылғаны жаңа серпін берді.

Бұл туралы облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Акцияның негізгі мақсаты азаматтарда заңсыз сақталған қару-жарақтар мен оқ-дәрілерді өтемді түрде қабылдау болып табылады.

Іс-шара басталғалы бері облыс көлемінде тұрғындардан өз еріктерімен заңсыз қаруларды тапсыру жайлы барлығы 227 арыз тіркеліп, азаматтармен 309 қару өткізілген. Оның ішінде 1-уі «Дектеров» атындағы пулемет, 1 дана револьвер, 26 дана иір ойықты, 281-і тегіс ұңғылы қарулар. Сонымен қатар, 701 дана иір ойықты қарудың оқтары және 4,7 келі жарылғыш заттар қабылданды.

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің нұсқауына сәйкес, акцияның өткізілу мерзімі 2013 жылғы 31 қазанға дейін ұзартылды.Қызылорда ҚІІБ мен барлық аудандық ішкі істер бөлімдерінде азаматтар тапсырған атыс қаруларының, жарылғыш заттардың, оқ дәрінің техникалық жай-күйі мен оларды тапсырғаны үшін сыйақы белгілеу жөніндегі комиссиялары құрылған.

Заңсыз сақталған атыс қаруын, оқ-дәріні және жарылғыш заттарды өз еркімен тапсырған азаматтар қылмыстық және әкімшілік жауапкершіліктерге тартылмайды. Ол азаматтарға тапсырған қаруының, жарылғыш заттардың, оқ-дәрінің түріне және техникалық жай-күйіне байланысты айлық есептік көрсеткіштің 10-нан 100-ге дейінгі мөлшерінде сыйақы тағайындалады.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!