Шымкент Қазақстандағы ауаның ластану деңгей жоғары қалалардың тізіміне енді

Фотография - Шымкент Қазақстандағы ауаның ластану деңгей жоғары қалалардың тізіміне енді

Оңтүстік Қазақстан облысындағы Шымкент қаласы Қазақстанның ауасы едәуір ластанған қалаларының тізімінен орын алды

703 0

Оңтүстік Қазақстан облысындағы Шымкент қаласы Қазақстанның ауасы едәуір ластанған қалаларының тізімінен орын алды, деп хабарлады облысты прокуратурасыныің баспасөз қызметі.

Жақында мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасы өкілетті органдармен бірлесіп рейдтік тексеру жүргізді. Автокөліктердің зиянды шығарындар нормативтеріне сәйкестігі аспаптармен өлшенді. Сондай-ақ ауа неғұрлым ластанген жерлерден сынама алынып, атмосфералық ауаның жай-күйіне талдау жасалды.

«Бұл мәселені талдауға ОҚО-дағы экологиялық проблемалар тізіліміне Шымкент қаласында автокөліктерден атмосфералық ауаның ластануы енгізілуі себеп болды», - деп түсіндірді прокуратурада.

Оңтүстік Қазақстан гидрометеорологиялық орталығы қала бойынша атмосфералық ауаның ластануының жай-күйі туралы ақпарат ұсынды. Онда 19 932 бақылау мәліметтері бойынша зиянды заттардың шоғырлануы көрсетілген. Зиянды заттар атмосфераға мұнай өңдеу, энергетика, түсті металдар өнеркәсіібі кәсіпорындарынан таралады. Алайда, талдау зиянды заттар шығарындыларының жалпы көлемінің 70 пайыздан астамы жылжымалы көздерден таралып отырғанын көрсетті.

«Ауаның ластану деңгейі жоғары. Шымкент қаласы республикадағы ластанған қалалардың қатарына жатады, атмосфераның ластау индексі = 10,б», - делінген хабарламада.

Жол полициясының мәліметтері бойынша, қалада 54 мыңнан астам автокөлік, соның ішінде 4805 жүк машинасы, 2424 жолаушы көлігі және 47 040 жеңіл машина тіркелген. Жыл өткен сайын қалада автокөлік саны арта түсуде.

Ауаның ластану деңгейі индексі бойынша 5-тен аз немесе оған тең болса - төмен, 5-7 - артқан, 7-14 - жоғары, 14 болса - өте жоғары болып есептеледі.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!