«Қордай» шекара бекетінде заңсыз өткізілмек болған салмағы 1 тоннадан асатын тауар тәркіленді

Фотография - «Қордай» шекара бекетінде заңсыз өткізілмек болған салмағы 1 тоннадан асатын тауар тәркіленді

Өткен тәулік ішінде қазақ-қырғыз шекарасындағы «Қордай» шекара отрядының сарбаздары елімізге заңсыз өткізілмек болған жалпы салмағы 1 тоннадан асатын халық тұтынатын тауарлардың жолын кесті

173 0

Өткен тәулік ішінде қазақ-қырғыз шекарасындағы «Қордай» шекара отрядының сарбаздары елімізге заңсыз өткізілмек болған жалпы салмағы 1 тоннадан асатын халық тұтынатын тауарлардың жолын кесті.

Бұл туралы ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметінен хабарлады.

Атап айтқанда, «Қордай» шекаралық бақылау-өткізу бекетінде шекарадан 400 келі жүкті «Мерседес» көлігімен заңсыз алып өтпек болған 1957 жылы туылған Қырғызстан азаматы ұсталды.

Осы күні «Қарасу» заставасында еліміздің 2 азаматы қолға түсті. Олар «Митсубиши» автокөлігімен 480 келі киім-кешекті алып өтуге әрекеттенген.

Сондай-ақ, «Қордай» шекара заставасынан 7 шақырым қашықтықта заңсыз алып өтуге дайындалған жалпы салмағы 200 келі тартатын киім-кешек түйіншектері табылды. Жүктің иелері шекаралас мемлекеттің аумағына қарай қашып, бой тасалады.

Аталған деректер бойынша құқыққорғау органдары хабарландырылды. Салмағы 1 тоннадан асқан тауарлар бойынша ҚР ҚК 209-бабы бойынша қылмыстық жаза қарастырылған.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!