Алматыда соғыс және еңбек ардагерлеріне арналған классикалық музыка кеші өтті

Фотография - Алматыда соғыс және еңбек ардагерлеріне арналған классикалық музыка кеші өтті

Қарттар күні қарсаңында Алматы қаласындағы «Фэмили» бағында Әуезов ауданы әкімі аппаратының қолдауымен Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне және Еңбек ардагерлеріне арналған тегін классикалық музыка концерті өтті

230 0

Қарттар күні қарсаңында Алматы қаласындағы «Фэмили» бағында Әуезов ауданы әкімі аппаратының қолдауымен Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне және Еңбек ардагерлеріне арналған тегін классикалық музыка концерті өтті.

Еркен Мырзағалиев басқаратын АD LIBITUM камералық ансамблінің орындауында А.В. Моцарттың «Серенадасы», Л. Хамидидің «Қазақ вальсі», А. Вивальдидің «Кішкентай симфониясы», И. Штраустың «Радецкий Маршы» және басқа да көптеген әйгілі туындылар мен композициялар орындалды.

«Біз көптеген адамдарға әлемдік және қазақстандық музыка өнері жауһарларымен танысуға мүмкіндік жасағымыз келеді. Классикалық музыканың арқасында адамдар рухани дамиды. Біз қазақстандықтарға осындай сый жасай алғанымызға қуаныштымыз», - деп мәлімдеді іс-шараны ұйымдастырушылар.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!