Орал қаласында бір айда 130 атыс қаруы тапсырылды

Фотография - Орал қаласында бір айда 130 атыс қаруы тапсырылды

Орал қаласында да 1 қыркүйектен бастап өз еркімен қару тапсыру шарасы өткізілуде

243 0

Орал қаласында да 1 қыркүйектен бастап өз еркімен қару тапсыру шарасы өткізілуде.

Орал қалалық ішкі істер басқармасының баспасөз қызметінен хабарлағанындай, азаматтардан 121 өтініш түсіп, 130 атыс қаруы, 1023 дана оқдәрі тапсырылды. Заңға сәйкес барлық азаматтар тиісті қаржысын алды.

Тұрғындарда заңсыз сақталып отырған атыс қаруы, оқдәрі, жарылғыш заттарды сатып алу мақсатында биыл мемлекеттік бюджеттен 12,8 млн. теңге бөлінген. Атыс қаруын қолдануға қатысты құқықбұзушылықтың алдын алу және аталған қаржыны игеру мақсатында ҚР ІІМ өткізіп отырған шара мерзімі 31 қазанға дейін ұзартылды.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!