Акция барысында 150 жылдық тарихы бар француз мылтығы тапсырылған

Фотография - Акция барысында 150 жылдық тарихы бар француз мылтығы тапсырылған

Ақтөбе облысында «Қаруыңды тапсыр» акциясы жалғасуда. Бүгінге дейін тұрғындардан 485 қару жиналған.

265 0

Ақтөбе облысында «Қаруыңды тапсыр» акциясы жалғасуда. Бүгінге дейін тұрғындардан 485 қару жиналған.

Оның көпшілігі – аңшы мылтығы. Ақтөбелік бір тұрғын 150 жылдық тарихы бар француздың қос ауыз мылтығын тапсырған. Тарихи жәдігерді мұражайға өткізу мәселесі қаралып жатыр. Сонымен бірге 5 келі жарылғыш зат пен 5000-ға жуық оқ-дәрі тапсырылған. Қолдағы қаруды тапсыру акциясы қазан айының аяғына дейін жалғасады. Әрбір мылтық үшін арнайы сыйақы да тағайындалған.

Ардагер Уайдин, Ақтөбе облыстық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі:

- Тапсырылған қаруларды ішкі істер қызметкерлері кесіп, атуға жарамсыз қылып, істен шығарады. Содан кейін құқық қорғау органдарының қызметкерлері тәркілеген немесе тапсырылған қаруларды зауытқа апарып, сол жерде бақытылып жіберіледі.


Тегтер:

полиция сот

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!