Алматы мешіттерінде діни уағызды орыс тілінде жүргізу керек

Фотография - Алматы мешіттерінде діни уағызды орыс тілінде жүргізу керек

Алматы мешіттерінде діни уағызды орыс тілінде жүргізу керек. Бүгін Алматыда өткен дөңгелек үстел отырысы барысында қалалық орталық мешіттің наиб-имамы Нұрмұхамед Именов осындай ұсыныс айтты.

443 0

Алматы мешіттерінде діни уағызды орыс тілінде жүргізу керек. Бүгін Алматыда өткен дөңгелек үстел отырысы барысында қалалық орталық мешіттің наиб-имамы Нұрмұхамед Именов осындай ұсыныс айтты.

Оның сөзіне қарағанда, алдымен тәжірбие түрінде, кейін жұма намазы кезінде тұрақты түрде орыс тілінде уағыз жүргізу керек. Наиб-имамның пікірінше, бұл орыс тілді мұсылмандардың салафизм мен басқа да діни ағымдардың арбауына түспеуіне ықпал етеді.

«Бүгінгі таңда біз орыс тілді мұсылман қауымына назар аударуымыз керек. Өйткені интернет-кеңістікте секталардың экстремизмге үндейтін уағыздары мен діни материалдары тым көп»,-деді Н.Именов.

Сондай-ақ, ол мешіттердің жанында орыс және қазақ тілдерінде ислам негіздері туралы сабақ өткізілу керек деген пікірін білдірді.

 

bnews.kz сайтынан


Тегтер:

дін

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!