«Діни таным насихаты: не істелді, не істелу керек?»

Фотография - «Діни таным насихаты: не істелді, не істелу керек?»

Бүгін Астана қаласындағы «Әзірет Сұлтан» мешітінде Қазақстан мұсылмандар діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының қатысуымен «Діни таным насихаты: не істелді, не істелу керек?» тақырыбындағы дөңгелек үстел отырысы басталды

182 0

Бүгін Астана қаласындағы «Әзірет Сұлтан» мешітінде Қазақстан мұсылмандар діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының қатысуымен «Діни таным насихаты: не істелді, не істелу керек?» тақырыбындағы дөңгелек үстел отырысы басталды.

Жуырда ҚМДБ жанынан құрылған Ақпараттық насихат тобының атқарған іс-шаралары мен алдағы уақыттағы жоспарлары осы отырыс барысында талқыланатын болады. Сондай-ақ, лаңкестікпен қарсы күрес шараларының қандай деңгейде және қай бағыттарда өрбитіні туралы тың пікірлер айтылып, жаңа жоспарлар түзілмек - деп хабарлады ҚазАқпарат

Қалың бұқара арасында ҚМДБ әлеуетін арттырып, асыл дініміздің құндылықтарын дәріптеп, халықтың діни сауатын ашу бағытында қүрылған Ақпараттық насихат тобының отызға жуық мүшелері бұл отырысқа түгелдей қатысып, өз ойларын ортаға салады. Сондай-ақ, бұл шараға ҚР Бас Прокуратурасы, ҚР Дін істері агенттігінің сарапшы мамандары қатысып, баяндама жасайды.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!