Кәсіпкерлерге тексерулер жүргізу айтарлықтай төмендеді

Фотография - Кәсіпкерлерге тексерулер жүргізу айтарлықтай төмендеді

Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында ҚР Экономикалық қылмыс және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі Ақпараттық-талдау департаментінің бастығы Олжас Бектенов айтты.

223 0

Кәсіпкерлерді тексерулер айтарлықтай төмендеді. Бұл туралы Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында ҚР Экономикалық қылмыс және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі Ақпараттық-талдау департаментінің бастығы Олжас Бектенов айтты.

«Мәселен, егер 2011 жылдың бірінші жартыжылдығында бақылаушы органдар қаржы полициясының ынтасымен кәсіпкерлерге 1 139 тексеру болса, ал 2012 жылдың дәл осындай мерзімінде, яғни Ахуалдық орталық жұмысының басталуымен, тексерулер екі есе азайып - 599-ды құрады.

Ағымдағы жылы осы оң ілгерім күшейді, тексерулер саны 143-ке дейін азайды немесе тағы 4 есеге төмендеді. Біздің әрекеттімізге шағымдар азайды. «Бизнесті Президенттік қорғау» сайтына бірде-бір негізді арыз түскен жоқ», - дейді О. Бектенов.

Оның сөзіне қарағанда, агенттік төрағасының нұсқауына сәйкес қаржы полициясының барлық бөлімшелері өткен жылдың наурыз айынан бастап кәсіпкерлерді тексеруде мораторий режімінде жұмыс істеуде.

«Тексерулер, тек алдын ала талдау кезінде құқық бұзушылық қызметінің айқын белгілері нақты түрде болған жағдайда ғана жүргізіледі.

Мұндай әдіс біздің жұмыстағы субъективизмді және сыбайлас жемқорлық тәуекелін айтарлықтай төмендетеді. Яғни, қаржы полициясының қызметкері тәуекелді санатқа жатпайтын кәсіпорынды өз бетінше тексере алмайды. Немесе керісінше, егер кәсіпорынның қызметі нақты күдік тудырса, онда оның жауапкершіліктен жалтаруы барынша қиындатылады», - деді департамент басшысы.


Тегтер:

полиция сот

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!