«Бота» қоғамдық қоры үздік 90 студентті нетбук пен ұялы телефондармен марапаттады

Фотография - «Бота» қоғамдық қоры үздік 90 студентті нетбук пен ұялы телефондармен марапаттады

Бүгін Алматыдағы Қаныш Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінде «Бота» қоғамдық қоры ең үздік студенттерді марапаттау рәсімін өткізді

337 0

Бүгін Алматыдағы Қаныш Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінде «Бота» қоғамдық қоры ең үздік студенттерді марапаттау рәсімін өткізді.

Онда өткен оқу жылында көрсеткен жақсы нәтижелері және үздік еріктілік жұмысы үшін 77 студентке нетбук, 14 студентке ұялы телефон табыс етілді. Оны әлеуметтік жағдайы төмен отбасынан шыққан, жетім және ерекше қажеттілігі бар жас қазақстандықтардың оқуына 841 грант бөлген қордың Білім гранттары бағдарламасы (БГБ) жүзеге асырды. Студенттерді марапаттаудың басты мақсаты - стипендиаттарды оқуға және қоғамдық жұмысқа ынталандыру. 2011 жылы жеңімпаздар саны 12 болса, 2012 жылы - 32, ал биылғы құрмет көрсету салтанатында бағдарламаның 86 үздігі және еріктілік жобалары үздік деп танылған 5 студенттің аты аталды. Жүлдегерлер арасында БГБ-ның биылғы 31 түлегі де бар. Жеңімпаздардың қатарында қоғам пайдасына асатын жұмысы үшін және үздік оқуымен бірнеше рет көзге түсіп отырған 14 студент бар.

Жүлделердің көбін әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық универститетінде оқитын БГБ стипендианттары алды. Бұл жерде 10 оқу үздігі, 2 үздік ерікті оқиды. Жүлдегерлер саны жағынан екінші орында Орал қаласындағы М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті тұр. Биылғы оқу жылында бұл оқу орнында 7 оқу үздігі мен 1 стипендиат еріктілік жұмысы үшін жүлдеге ие болды. Үздік үштікті Алматыдағы Қазақ мемлекеттік қыздар педагогика университеті түйіндеп тұр. Бұл оқу орнында «Бота» қорының білім гранттары бағдарламасы бойынша 7 жеңімпаз оқиды.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!