Алматыда Қазақстанның сәулет өнері фестивалі ашылды

Фотография - Алматыда Қазақстанның сәулет өнері фестивалі ашылды

Бүгін Алматыдағы Орталық мәдениет және дамалыс паркі муниципиалдық меншікке көшті. Бұл туралы қала әкімі Ахметжан Есімов «Атакент» көрме орталығындағы Қазақстанның сәулет өнері фестивалінің ашылу рәсімінде айтты.

264 0

Бүгін Алматыдағы Орталық мәдениет және дамалыс паркі муниципиалдық меншікке көшті. Бұл туралы қала әкімі Ахметжан Есімов «Атакент» көрме орталығындағы Қазақстанның сәулет өнері фестивалінің ашылу рәсімінде айтты.

«Бүгін таңертең мен Орталық мәдениет және дамалыс паркін муниципиалдық меншікке көшіру туралы қаулыға қол қойдым. Енді біз сәулетшілермен бұл тарихи орынды қалай түзеу керектігін бірге ақылдасуымыз керек», - деді А. Есімов. Шаһар басшысының айтуынша, соңғы 5 жылда Алматыда 5 157 мың шаршы метр тұрғын үй немесе 37 421 пәтер салынды. Сондай-ақ 21 балабақша, 20 мектеп, 18 денсаулық сақтау нысандары іске қосылды.

Жалпы бұл фестиваль кезінде ТМД елдері сәулетшілер одағы халықаралық қауымдастығының байқауы өтпек. Онда посткеңестік кеңістіктегі сәулет туындыларының арасынан жылдың үздік жобасы анықталмақ. Онда сондай-ақ Қазақстанның соңғы 3 жылдағы сәулет туындарының республикалық сынауы мен Қазақстан сәулет мектептерінің дипломдық жұмыстарының байқауы да өтпек.


Тегтер:

Алматы

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!