Алматыда дәрігерлер тұрғындарды тегін қарап, дұрыс тамақтану жөнінде кеңес беруде

Фотография - Алматыда дәрігерлер тұрғындарды тегін қарап, дұрыс тамақтану жөнінде кеңес беруде

Бүгін Алматыдағы «Спутник» ойын-сауық орталығында Ұлттық салауатты тағамтану орталығы «Саламатты Қазақстан - 2011-2015» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында «Салауатты тамақтану - заманауи өмір салты» атты республикалық акциясын өткізіп жатыр

241 0

Бүгін Алматыдағы «Спутник» ойын-сауық орталығында Ұлттық салауатты тағамтану орталығы «Саламатты Қазақстан - 2011-2015» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында «Салауатты тамақтану - заманауи өмір салты» атты республикалық акциясын өткізіп жатыр.

Онда «Денсаулық алаңында» түрлі аурулар кезіндегі тамақтану жөнінде дәрігер-диетологтардан, азық-түлік өнімдерінің қауіпсіздігі мен сапасы жөнінде дәрігер-гигиенистер, остеопороз диагностикасы бойынша дәрігер-терапевттер тегін кеңестер мен ұсыныстар беруде. Сонымен қоса, мамандардың семіздіктің дәрежесін анықтау бойынша кеңесі беріліп, бой ұзындығы, салмақ, дененің индекс массасы, ағзадағы жалпы және ішкі майлардың пайыздық мөлшері, қаңқа бұлшықет мөлшері және негізгі алмасудың көлемі өлшеніп, қан қысымы анықталуда. Бұдан бөлек отандық және ұлттық байытылған, сапалы және пайдалы өнімдердің жәрмеңкесі өтіп жатыр - деп хабарлады  ҚазАқпарат

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша, өлім-жітімнің 60 пайызы дұрыс тамақтанбаудан орын алады. Ал қоршаған ортаның экологиялық зиянды факторларының 75-80 пайызы адам ағзасына су және азық-түліктер арқылы түседі. Жалпы медико-демографиялық көрсеткіштер, жұқпалы және жұқпалы емес аурулардың таралуы, сыртқы ортаның қолайсыз факторларына тұрақтылығы, психо-эмоционалдық жүктемелер, өндірістік бәсекелестік күштердің даму деңгейі, мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық деңгейі және оның ұлттық қауіпсіздігі тікелей халықтың тамақтану жағдайымен анықталады.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!