Павлодарда "ақылды" аялдамалар орналастырылуда

Фотография - Павлодарда "ақылды" аялдамалар орналастырылуда

 Болашақта осындай тақталар барлық автобус тоқтайтын арнайы орындарға қойылады деген жоспар бар

219 0

Мұндағы құпия аялдамаларда ақпараттық тақталардың орналасуында. Болашақта осындай тақталар барлық автобус тоқтайтын арнайы орындарға қойылады деген жоспар бар. «Ақылды» аялдамалар халыққа бірнеше қызмет түрлерін көрсете алады. Ол жерде қажетті автобустардың нөмірі мен олардың неше минуттан кейін аялдамаға келетіндігі туралы ақпарат алуға болады. Сонымен қатар онлайн режімде сынап бағанасы мен жел жылдамдығы және басқа да күн райындағы өзгерістерді байқауға болады. Мамандардың болжауынша, бұл жаңа жоба жолаушылар үшін ең ыңғайлы әрі сенімді қызмет түріне айналмақ.

Талғат Есполов, қалалық тұрғын үй коммуаналдық шаруашылығы бөлімінің бас маманы:

- Осы қаламызда «ақылды» аялдамалар орнатылды. Бұл зейнеткерлерге өте жақсы болды. Әсіресе ауыл, ауданнан келген халыққа ыңғайлы. Қажетті мағлұмат аялдамада жазылып тұрады.


Тегтер:

павлодар

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!