Авиакомпания қызметкерін ұрған экс-банкир кешірім сұрады

Фотография - Авиакомпания қызметкерін ұрған экс-банкир кешірім сұрады

"Қазинвест" банкі директорлар кеңесінің бұрынғы мүшесі Дархан Ботабаев өзі қол жұмсаған адамнан - "Эйр Астана" әуе компаниясының қызметкері Нұркенжегүл Байғазиевадан көпшіліктің алдында кешірім сұрады

133 0

"Қазинвест" банкі директорлар кеңесінің бұрынғы мүшесі Дархан Ботабаев өзі қол жұмсаған адамнан - "Эйр Астана" әуе компаниясының қызметкері Нұркенжегүл Байғазиевадан көпшіліктің алдында кешірім сұрады деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі.

Дархан Ботабаев компания қызметкеріне "ашу үстінде қол жұмсағанын" айтқан. Жәбір көрген Нұркенжегүл Байғазиева арызын қайтарып алмақ.

Қыркүйектің басында компанияға билет сатып алуға барған Дархан Ботабаевтың

Нұркенжегүл Байғазиеваға қол жұмсаған сәті видеожазбаға түсіп, интернетке тарап кеткен еді. Бұдан соң Байғазиева полицияға арызданған.

Осы оқиғадан соң, 30 қыркүйекте Дархан Ботабаев жұмысынан кеткен. Банк оның "оқиғаға байланысты қызметтен кететінін және ыңғайсыз жағдайға банктің қатысы жоғын" айтқан.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!