Қазақстанда Бүкілармиялық үздік сержант атағына байқау өткізілуде

Фотография - Қазақстанда Бүкілармиялық үздік сержант атағына байқау өткізілуде

Бүгін «Отар» 40-әскери базасында Қазақстан Қарулы Күштерінің үздік сержанты атағына бесінші кезекті байқау басталды

207 0

Бүгін «Отар» 40-әскери базасында Қазақстан Қарулы Күштерінің үздік сержанты атағына бесінші кезекті байқау басталды. Оған Қарулы Күштер түрлерінің, әскер тектерінің, өңірлік қолбасшылықтардың, арнайы әскерлердің, әскери оқу орындарының үздік сержанттары қатысады деп хабарлайды ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі 

Байқауды ұйымдастыру мен өткізу Қарулы Күштердің бас сержанты Темірбек Халықов бастаған ҚР ҚК Бас штабы Сержанттық құраммен жұмыс жөніндегі басқармасына жүктелген.

Бұл конкурс әскери-кәсіптік тұрғыда ең мықты дайындалған сержанттарды анықтау мақсатында жыл сайын өткізіледі. Сайыстардың қорытындысы бойынша конкурс әкімшілігі үздік взвод, рота, батальон, бригада сержантын, барлығы алты номинация бойынша үздіктерді анықтайды.

Конкурс бағдарламасы үш кезеңнен: әскери-кәсіптік, әскери-спорттық және әдеби-көркемдік сайыстардан тұрады. Әскери-кәсіптік кешеннің құрамында төзімділік пен дене даярлығына болатын ең қиын емтихан «кәсіпқой» эстафетасы болып табылады. Одан өту кезінде ұрыс жағдайына барынша жақындатылған жағдай жасалады: Калашников автоматын бөлшектеу-жинау, 16 килограмдық оқ салынған жәшікті көп рет көтеру, «жарақаттанған» жолдасын тасымалдау, қашықтыққа граната лақтыру. Мұның барлығын сержанттар түтін мен атылған оқ дыбысы арасында жүріп өтеді. Сондай-ақ эстафета 25 метрлік кедергілер учаскесінен еңбектеп өту, жалпы әскери қорғаныш жинағы мен газтұмша киіп жүз метр жүгіру, радиостансаны жұмысқа дайындап, байланысқа шығуды талап етеді.

Сонымен бірге конкурс бағдарламасы бойынша күрделі жерде танкілер мен ұрыс машиналарын жүргізу, жергілікті жерді бағдарлау, 11 әскери пән бойынша тест тапсыру, әртүрлі қашықтыққа жүгіру, белтемірге тартылу, АК-74 автоматынан ату көзделген.

Әдеби-көркемдік кезең барысында байқауға қатысушылар өздерінің ән салу, өлең оқу, билеу секілді шығармашылық өнерлерін көрсететін болады.

Конкурс комиссиясына Қарулы Күштер Бас штабы бастығының орынбасары – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабы Тәрбие және идеологиялық жұмыстар департаментінің бастығы полковник Мұхамеджан Таласов төрағалық етеді. Конкурс жеңімпаздары жүлделер мен бағалы сыйлықтармен қатар жоғары тұрған лауазымдарға ауысу мүмкіндіктеріне ие бола алады


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!