Қазнетте ең әдемі қазақ қыздары анықталды

Фотография - Қазнетте ең әдемі қазақ қыздары анықталды

 Рейтингке тіпті «ВИА Гра» тобының бұрынғы әншісі Альбина Жанабаева да ілінген.

689 0

Ғаламтор желісінің белсенді пайдалунышалары ең әдемі қазақ қыздарын таңдады. Рейтингке тіпті «ВИА Гра» тобының бұрынғы әншісі Альбина Жанабаева да ілінген.

«lady.mail.ru редакциясы хабарлағандай, рейтингке әр түрлі мамандық иелері енген: әншілер, әртістер, модельдер, жүргізушілер мен бизнеспен айналысатын ханымдар. Қазақстан тұрғындары ең әдемі қазақ қызы деп продюсер және әртіс Баян Есентаеваны таңдады»,- деп мәлімдейді басылым.

Байқау ұйымдастырушыларының айтуынша, Баян Есентаева бұдан бұрын да жеңімпаз атанған. Одан кейінгі орында «Алматы аруы -2011» байқауының жеңімпазы Әлия Телебарисова тұрса, үшінші орын Әсел Сағатоваға бұйырған. Ондықтың қатарын әнші Гүлмира Еркімбаева тұйықтады. Сондай-ақ рейтингте эстрада жұлдызы Роза Рымбаева да бар. Ол 24 орында тұр. Арулардың қатарына «ВИА Гра» тобының бұрынғы әншісі әкесі қазақ, анасы орыс Альбина Жанабаева да ілінген.

 

bnews.kz сайтынан


Тегтер:

интернет

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!