Құжаттандыру ісінде қазақ тіліне сұраныс төмен

Фотография - Құжаттандыру ісінде қазақ тіліне сұраныс төмен

Бүгін Астанада өткен баспасөз конференциясында ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі Мемлекеттік басқару жүйесін дамыту департаментінің директоры Айнұр Құдайбергенова мәлімдеді.

203 0

Бүгін Астанада өткен баспасөз конференциясында ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі Мемлекеттік басқару жүйесін дамыту департаментінің директоры Айнұр Құдайбергенова мәлімдеді.

«Халықты құжаттандыру бойынша көптеген сұраныстар орыс тілінде келіп түседі. Қазақ тіліне сұраныс орыс тіліне қарағанда аз. Бірақ, нақты рейтинг жасаған жоқпыз. Тек келіп түскен сұраныстарға қарап, құжаттардың орыс тілінде толтырылуына байланысты осылай айта аламыз. Алдағы уақытта электронды үкімет порталында азаматтардың қай тілде көп сұраныс жасағанын көрсететін рейтинг жасайтын боламыз», - деді департамент директоры.

А.Құдайбергенованың Baq.kz тілшісіне берген сұхбатынан аңғаратынымыз, қазақ тілді азаматтар өз құжаттарын ана тілінде алуға селқостық танытатыны белгілі болып отыр. Алдағы уақытта әрбір қазақ азаматы өз құжаттарын ана тілінде рәсімдеуге тырысқаны жөн болар еді.


Тегтер:

тіл

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!