Түркістанда «Хан көтеру рәсімі» өтеді

Фотография - Түркістанда «Хан көтеру рәсімі» өтеді

Даңқты қолбасшы, үш жүздің басын қосқан Хан Абылайдың 300 жылдығына арналған айтулы шара қасиетті Түркістанда жалғасын табады.

253 0

Даңқты қолбасшы, үш жүздің басын қосқан Хан Абылайдың 300 жылдығына арналған айтулы шара қасиетті Түркістанда жалғасын табады.

Түркістандағы «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайы 17 қазан күні «Хан көтеру рәсімі» атты ауқымды шара өткізеді. Музей ісінің озық тәжірибелеріне сүйене отырып өткізетін қойылымға еліміздің барлық аймақтарынан тарихшылар, музейтанушылар және мәдениет қайраткерлері қатысады деп күтілуде.

Қойылымда қазақ халқының «Хан сайлау» және «Хан көтеру» рәсімдері көрсетіліп, дәстүрлеріміз ұлықталады. Хан Абылайдың өміріне қатысты деректерді сахналаған бұл қойылымның жастарды отаншылдыққа тәрбиелеудегі маңызы зор болмақ.


Тегтер:

Тарих

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!