Қызылордалық тәртіп сақшылары көп балалы анаға көмек берді

Фотография - Қызылордалық тәртіп сақшылары көп балалы анаға көмек берді

Қызылорда қаласының полицейлері «Учаске» профилактикалық іс-шарасы кезінде тұрғын үйлерді аралап, тұрғындардың жай-күйімен танысқан болатын

194 0

Қызылорда қаласының полицейлері «Учаске» профилактикалық іс-шарасы кезінде тұрғын үйлерді аралап, тұрғындардың жай-күйімен танысқан болатын.

Осы шара кезінде олар қалаға қарасты Тасбөгет кентінде тұратын 8 балалы Жібек Жақсыбалаеваның бірнеше жылдан бері пәтер жалдап тұратынынан хабардар болды. Қалалық ішкі істер басқармасының ұжымы ақылдасып көп балалы анаға қолұшын беруге шешім етті.

Бұл туралы қалалық ішкі істер басқармасынан хабарлады.

«Отағасы Сарыбасов Беріктің құрылыс орындарында тек мезгілдік жұмыста жүргені белгілі болды. 2012 жылы арыздарын жазып пәтер кезегіне тұрған екен. Бірақ кезегі әлі келе қоймаған. Отбасындағы балалардың үлкені 6 сыныпта оқыса, ең кішкентай егіз қыздары 1 жасқа енді толыпты», - делінген хабарламада.

Қызылорда ҚІІБ бастығы Ғани Тұрсекеев көп балалы отбасының жағдайымен арнайы барып танысты. Одан соң отбасына азық-түлік пен қаржылай көмек ұсынды.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!