Қорғаста алғашқы Қазақстан-Қытай сауда жәрмеңкесі өтеді

Фотография - Қорғаста алғашқы Қазақстан-Қытай сауда жәрмеңкесі өтеді

«Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығында 22-27 қазан күндері «Қорғас арқылы Жібек жолы бойымен» деген атпен тұңғыш рет Қазақстан-Қытай сауда жәрмеңкесі болады

184 0

«Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығында 22-27 қазан күндері «Қорғас арқылы Жібек жолы бойымен» деген атпен тұңғыш рет Қазақстан-Қытай сауда жәрмеңкесі болады.

Бұл шара Алматы облысы әкімдігі, «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы», «Жолаушылар тасымалы» АҚ, Қазақстан туризмі қауымдастығы, «Тұран Экспресс» жолаушылар компаниясы, Алматы автовокзалдарының қолдау көрсетуімен ұйымдастырылмақ.

«Жәрмеңке кезінде Қытайдың 3 сауда орталығы жұмыс жасайды. Онда 500-ден аса қытайлық компания өз тауарларын таныстыратын болады. Олардың ішінде электроника және техника, киім-кешек және аяқ киім, автокөлік бөлшектері мен керек-жарақтары, шаруашылық және ұсақ-түйек тауарлар, ойыншықтар мен спорттық тауарлар, перделер мен аспашамдар, тон мен былғарыдан жасалған кеудешелер және т.б. тауарлардың үлкен жиынтығы бар. Жәрмеңкеде тауар бағалары Үрімшімен салыстырғанда төмен болады», - дейді «Қорғас» халықаралық шекара маңы ынтымақтастығы орталығы» АҚ-ның вице-президенті Сәкенғали Нұртазин. Оның айтуынша, бұл жәрмеңкеге күн сайын Қазақстаннан 1,5 мың, Қытайдан 1 мың адам барады деп жоспарланып отыр. Ал орталықтың қазақстандық тарапы күніне 10 мың адамға дейін өткізе алады.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!