Ақтөбеде тролейбустар жүрмейтін болды

Фотография - Ақтөбеде тролейбустар жүрмейтін болды

Ақтөбе қаласында бұдан былай троллейбустер жүрмейтін болды.

353 0

Ақтөбе қаласында бұдан былай троллейбустер жүрмейтін болды.

Экологиялық таза қоғамдық көліктер халыққа қызмет көрсетуін осыдан 3 ай бұрын тоқтатты. Өйткені Ақтөбенің орталық даңғылы қазір жаңғыртылып жатыр. Сондықтан байланыс жүйелері мен электр қуатының желілері ажыратулы тұр. Ақтөбе – троллейбусті қала қозғалысына енгізген Қазақстандағы бесінші шаһар. Бірақ қазір бұл қоғамдық көліктің қызметін қаржыландыруды қала қазынасы көтермейді. Қоғамдық көліктердің әбден тозығы жеткен.

Әбдіжәлі Тәжімұратов, троллейбус паркінің директоры:

- Қаражаттандыруды тоқтатылғаннан кейін шығынға қай мекемеде жұмыс істейді? Айналдырған 5троллейбус.Көше жолдары нашар. Үлкен автобустар жүре алмайды. Осыған байланысты қаржы жағы шешілмесе, тоқтатуға тура келеді.

Кезінде мұнда 150троллейбус болған. Күнделікті қалаға оның 100-ге жуығы шығып, жолаушылар тасмалдайтын. Алкәсіпорындағы жүргізушілер 3 ауысымда жұмыс істеген. Көліктер бұзыла қалса, жөндейтін орталықтары да болған.    

Анатолий Маркелов,қала тұрғыны:

- Троллейбустер – экологиялық таза көлік. Қала ауасын ластамайды. Менің ойымша, бұл көліктер бізге керек. Басшылық осындай шешім қабылдап қойса, мүмкін ол да дұрыс шығар.

Майра Әлпейісова, қала тұрғыны:

- Заманға сайавтобустар болса, жақсы болар еді.

Қалған троллейбустер парк тұрағында сақтаулы тұр. Әлі бірнеше жыл қызмет етуге жарамды. Бірақ әзірше көліктердің жайы не болары белгісіз. Олардың жүргізушілеріжұмыссыз қалмайды. Себебі қайта оқытып, жұмыспен қамту мәселесі қаралып жатыр.


Тегтер:

темир жол

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!