Құрбан айт мерекесі қарсаңында қой қымбаттады

Фотография - Құрбан айт мерекесі қарсаңында қой қымбаттады

Елімізде ағымдағы жылы 15-17 қазанға дәл келіп тұрған Құрбан айт мерекесі қарсаңында Астанада қой бағасы қымбаттады

129 0

Елімізде ағымдағы жылы 15-17 қазанға дәл келіп тұрған Құрбан айт мерекесі қарсаңында Астанада қой бағасы қымбаттады. Құрбандыққа шалынатын негізгі түліктің қазіргі бағасын білу мақсатында қаланың шет жағында орналасқан мал базарына арнайы барып қайтқан болатынбыз. 

Бүгінде 1 жасар тоқты 18 мың теңгеге бағаланып жатыр. Ал орташа қойдың бағасы 30-35 мың теңгені құраса, ірі және семіз қой 40-50 мың теңге аралығында бағалануда.

Еске сала кетсек, былтыр Алматыда Құрбан айт қарсаңында қой бағасы 15 мыңнан 50 мың теңгеге дейін қымбаттаған болатын.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, елордадағы Шапағат, Астаналық (Артем) және Орталық базарларда кептірілген жеміс те қымбаттаған, бағалары әртүрлі.


Тегтер:

Мереке

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!