Мектепте ақша жинауға тиым салынады

Фотография - Мектепте ақша жинауға тиым салынады

Бүгінде қоғамды дендеген дерттің бірі –  мектептерде ақша жинау әлі тыйылмай тұр. Бұл мәселе қазір Құқық қорғаушылардың жіті назарында.

408 0

Бүгінде қоғамды дендеген дерттің бірі –  мектептерде ақша жинау әлі тыйылмай тұр. Бұл мәселе қазір Құқық қорғаушылардың жіті назарында.

Астана қаласының Білім басқармасы балабақша және мектеп басшыларына мектептерде алақан жайып, ата-аналардан ақша сұрауды доғару мәселесі туралы семинар өткізді. Оқу ордаларын қыспаққа алған Қаржы полициясы биылдың өзінде осы мәселе төңірегінде 18 тексеріс жүргізген.

Соңғы 3 жылда астаналық мектептер мен балабақшаларда мемлекеттен бөлінген қаржыны  жұмсау жүйесі 54 рет тексерістен өткен. Білім саласы қазір Құқық қорғаушылардың басты нысанасына айналған. Кадр жұмысы, мұғалімдерге сыйақы беру, мемлекеттік сатып алу – былыққа батқан қызметтердің бірі болып отыр. Басқосуда Қаржы полициясы білім саласының қызметкерлерін жұмыла жұмыс істеуге шақырды.

Андрей Гречко, қалалық қаржы полициясының аса маңызды істер бойынша аға инспекторы:

- Жемқорлық фактілері бойынша хабарланған немесе осындай оқиғалардың алдын алуға жәрдем берген  тұлғаларға мемлекеттік бюджеттен сыйақы беріледі. Қазіргі уақытта осындай сыяпатқа 12 адам ие болды. Бұл тұлғалар құзырлы органдармен  қорғалады.

Ал мектеп және балабақша директорларына оқушылардан заңсыз түрде ақша жинамауды ескертті. Дегенмен, қала әкімінің ресми сайтында мектептерде, немесе соны сылтауратып, қаржы жинау туралы шағымдар азайған.

Әсима Бимендина, қалалық  білім басқармасының басшысы:

- Жыл сайын 1 қыркүйек күні жөндеу жұмыстарына, кітаптар сатып алуға, театрға билеттер үшін балалардан ақша жинауға тыйым салатын бұйрық шығарылады. Әрине, қосымша қызмет көрсетулер бар. Олардың тізімі Білім министрлігінің бұйрығында  қарастырылған.


Тегтер:

Мектеп

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!