Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да Алматы облысы Қарасай ауданының ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті

Фотография - Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да Алматы облысы Қарасай ауданының ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да Алматы облысы Қарасай ауданының ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі ашылды, деп хабарлайды университеттің баспасөз қызметі

193 0

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да Алматы облысы Қарасай ауданының ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі ашылды, деп хабарлайды университеттің баспасөз қызметі.

Елдің ЖОО арасында университет алғашқы рет «Парасат» кәсіподағы, ҚазҰУ қызметкерлері, Алматы қаласы және Қарасай ауданы әкімдіктерімен бірге әлеуметтік серіктестік бағдарламасы шеңберінде өз студенттері мен оқытушыларына арналған жәрмеңке өткізуде.

«Біз Құрбан айт мұсылмандар мейрамының қарсаңында біздің қызметкерлеріміз бен студенттеріміз азық-түлік үшін арнайы базарға немесе дүкенге бармай-ақ, дәл осы жерден сатып алуына жағдай жасадық. Оның үстіне дастарханға қажетті барлық азық-түлік бір жерде ғана және төмендетілген бағамен ұсынылды. Адамдарға жергілікті ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілердің жас өнімдерін сатып алуына мүмкіндік беру үшін біз мұндай жәрмеңкені ЖОО аумағында үздіксіз өткізіп тұруды жоспарлаудамыз», - деп атап айтты ҚазҰУ қызметкерлері «Парасат» кәсіподағының төрағасы Талғат Мекебаев.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!