Жамбыл облысында балық шаруашылығы дамып келеді

Фотография - Жамбыл облысында балық шаруашылығы дамып келеді

Балық шаруашылығын өркендету – Жамбыл облысындағы «Алтын бұлақ» шаруа қожалығының жетекшісі Әбдірахым Қуанышбаевтың алдына қойған мақсаты.

687 0

Балық шаруашылығын өркендету – Жамбыл облысындағы «Алтын бұлақ» шаруа қожалығының жетекшісі Әбдірахым Қуанышбаевтың алдына қойған мақсаты.

Ағайынмен бірлесе жұмыс жасайтын шаруашылық жазда жүзім жинап, қыста жылыжайда көкөніс өсіреді. Шаруа қожалығының алқабы Жамбыл ауданындағы Шайқорық ауылының іргесінде орналасқан. Бес жыл бұрын жалға алған жерінің 2 гектарына жүзім өсіріп, жақсы өнім жинады. Ағайынның татулығы арқасында шаруашылықтың ісі өрге домалап тұр.

Әбдірахым ҚУАНЫШБАЕВ, шаруа қожалығының жетекшісі:

- Жұмыскерлердің басым көпшілігі – өзімнің ағайын-туысқандарым. Барлығымыз осы жерде жұмыс істейміз. Күзге дейін өсіріп, өндіріп, жинап өткіземіз. Сосын бәріміз еңбектің жемісін жейміз.

Қуанышбаевтар әулетінде бос жүрген ешкім жоқ. Жазғы демалыс кезінде мектептен босаған балалар жүзім теруге көмектеседі. Ал науқан басталғанда «Еңбекпен қамту - 2020» бағдарламасы арқылы ауыл тұрғындары жұмысқа тартылады. Биыл 7 адам жүзімді күтуге көмектескен. Ал жүзімдіктің іргесіндегі тоғанда балық өсіріп, оның тұқымын көбейтіп жатыр.

Асқар ҚУАНЫШБАЕВ, балық шаруашылығының жетекшісі:

- Бастағанда осында кішкене арық болатын, соны үлкейтіп, шабақ тастап, өсіріп жатырмыз. Осы жұмыстардың атқарылып жатқанына 4-5 жыл болды. Жұмысымыз алға басып келеді.

Шаруашылық енді тоғанның аумағын үлкейтпек. Екі гектардан асатын жерді қазып, қолдан тоған жасап жатыр. Су тапшылығы жоқ, жерастынан өзі көтеріледі. Тәжірибе жинау үшін Әбдірахым Қытайға да барып келген.

Әбдірахым Қуанышбаев, шаруа қожалығының жетекшісі:

- Қытайда кішкентай жерден бірнеше тонна балық алады. Соның бәрін үйреніп келдік. Тоғанды қазып қойдық, ендігі жылы жұмысты бастаймыз.

Ол үшін Қытайдан жем дайындайтын жабдық әкелмек. Мемлекет мұндай жаңашыл бастамаға грант та береді. Шаруашылық енді соның құжаттарын дайындауда.


Тегтер:

ауыл

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!