БҚО-да 2012 жылдан бері ана өлімі тіркелген жоқ

Фотография - БҚО-да 2012 жылдан бері ана өлімі тіркелген жоқ

Бала өлімі 12 пайызға төмендеді. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында Батыс Қазақстан облысының әкімі Нұрлан Ноғаев мәлім етті

140 0

Бала өлімі 12 пайызға төмендеді. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында Батыс Қазақстан облысының әкімі Нұрлан Ноғаев мәлім етті.

«Денсаулық сақтау саласына тоқталатын болсақ, 2012 жылы және биылғы 8 айдың қорытындысы бойынша облыста ана өлімі тіркелген жоқ. Бала өлімі 12 пайызға төмендеді», - деді әкім.

Н. Ноғаевтың сөзіне қарағанда, облыста орташа өмір ұзақтығы 69 жасты құрап отыр. 2012 жылы 12 мың 500 сәби дүниеге келді - деп хабарлады  ҚазАқпарат

Таратылған мәліметтерге қарағанда, өңірде денсаулық сақтаудың 2013 жылға нақтыланған бюджеті 19,4 млрд. теңгені құрады. Соның ішінде республикалық бюджеттің нысаналы трансферттері - 7,2 млрд. теңге. Кепілдік берілген тегін медициналық көмек көлемінің қаражаттары 17,9 млрд. теңгені құрады.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!