Келесі жылы Астанадан Қызылордаға, Ақтөбеге қарай жүретін жаңа жүрдек пойыздар іске қосылады

Фотография - Келесі жылы Астанадан Қызылордаға, Ақтөбеге қарай жүретін жаңа жүрдек пойыздар іске қосылады

Қызылорда, Алматы - Ақтөбе, Алматы - Защита, Астана - Защита және Алматы - Ташкент бағыттарында жүрдек пойыздарды іске қосу жоспарлануда, деп хабарлайды ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің баспасөз қызметінен.

288 0

Қызылорда, Алматы - Ақтөбе, Алматы - Защита, Астана - Защита және Алматы - Ташкент бағыттарында жүрдек пойыздарды іске қосу жоспарлануда, деп хабарлайды ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің баспасөз қызметінен.

Аталған бағыттардың ашылуы осы өңірлердегі жолаушылар тасымалына деген жоғары сұранысты қанағаттандыруға мүмкіндік береді, сондай-ақ әр бағыт бойынша жол жүру уақыты орташа есеппен 1,5-2 есеге дейін қысқармақ. Айталық, Астанадан Қызылордаға жолаушылар қазіргідей 2 тәулікте емес, бір тәуліктің ішінде жететін болады. Астана-Защита жүрдек пойызы болса Павлодар стансасына аялдайтын болады.

Ағымдағы жылы Алматы - Атырау, Астана -Атырау және Астана - Семей бағыттарында жаңа жүрдек пойыздарының іске қосылғанын айтып өту керек. Аталған бағыттар бойынша жол жүру уақыты екі есеге дейін қысқартылды. Барлық пойыздар 27 «Тальго» вагондарынан құралған. Олардың 22-сі жолаушылар вагоны, оның ішінде 2 вагон «Гранд» (екіорындық люкс) санатында болса, 2 вагон «Бизнес» (екіорындық) санатында және 18 вагон «Турист» (төрторындық эконом) санатында. Пойызда 3 техникалық вагон, 1 мейрамхана және 1 бар-вагоны бар. «Гранд» санатындағы вагондардың бірінде мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған купе бар.

Сондай-ақ, 2013 жылғы қаңтарда Павлодар - Астана бағытындағы жолаушылар пойызының бағыты Қарағандыға дейін, ал Астана - Орал бағытындағы жолаушылар пойызының бағыты Ақтөбе қаласына дейін ұзартылған болатын.

Бұдан басқа, 2013 жылдың 5 шілдесінен бастап Астана - Бурабай курорты бағытында жаңа жолаушылар жүрдек пойызы іске қосылды. Жаңа құрам 6 вагоннан құралған, әр вагон 56 орынға есептелген. Жолда жүру уақыты 3 сағат 55 минутты құрайды.

2013 жылдың 8 шілдесінде Астана - Павлодар бағытындағы жаңа жолаушылар пойызы іске қосылды. Пойыз аптасына 4 рет: бейсенбі, жұма, сенбі және жексенбі күндері Астана қаласынан жолға шығады. Жолда жүру уақыты 6 сағат 28 минут.


Тегтер:

темир жол

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!