Ақтауда көше кезген мал арнайы орынға қамалады

Фотография - Ақтауда көше кезген мал арнайы орынға қамалады

Ақтауда көше кезіп, көлік қозғалысына кедергі келтіріп жүрген малдың иелері енді әкімшілік жазаға тартылатын болды.

246 0

Ақтауда көше кезіп, көлік қозғалысына кедергі келтіріп жүрген малдың иелері енді әкімшілік жазаға тартылатын болды.

Осыған дейін онсыз да жасыл желекке жұтаң шөлейтті аймақта өсіп тұрған ағаш, гүлдерді таптаған сиыр мен жылқыларға налыған тұрғындар шағымы туралы айтылған еді.

Халық наразылығынан соң, жергілікті билік тиісті шешім қабылдап, төрт түлікті қамау үшін шашамен 250 мал сыятын арнайы орын ашты. Ашатұяқ иелері қомақты айыппұл төлегеннен кейін ғана қамалған малын алып кете алады. Уақытша мал ұстау орнында ірі қара мен қой, ешкілерге жеке-дара қамау орындары қаралған. Тіпті, қаңғыбас ит пен мысықтарға да арнайы бөлмелер дайындалды. Алғашқы күннен-ақ мұнда қараусыз жүрген бір үйір жылқы әкелінді. Қожайыны әлі анықталған жоқ. Табылған жағдайда, егер ол жеке тұлға болса, 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл төлейді. Ал, ферманың немесе заңды тұлғаның малына 50 айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл салынады. Яғни 86 мың 550 теңге төлейтін болады. Бұндай әбестік тағы да қайталанса, айыппұл көлемі өсіп, мал иесіне қолданатын жаза күшейе түспек. Бұдан бөлек, жануарды бағып, күтім жасаған мекеменің шығынын өтеу де мал иесінің мойнына жүктеледі.

Болат Қасымов ауыл шаруашылығы және ветеринариялық бөлімінің басшысы:

- Ұсталған күннен бастап 2 ай ішінде түйе мен жылқының иелері табылмаса, автоматты түрде мемлекет меншігіне өтіп кетеді. Ал сиыр мен қой-ешкілердің иесін 6 айға дейін күте аламыз. Алты айға дейін хабар болмаса, іздеуі жоқ мал мемлекеттің пайдасына шешіледі. Тек осындай жолмен ғана біз мал иелерін тәртіпке шақыра аламыз. Әйтпесе, қомақты қаражат бөліп, өсірген жасыл-желектен түк қалмай барады.


Тегтер:

ауыл

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!