Атышулы шлагбаум ақыры алынды

Фотография - Атышулы шлагбаум ақыры алынды

Алматыдағы «28 панфиловшылар» саябағында көзге түрпідей тиіп тұрған АҚШ консулдығының шлагбаумы ақыры бұзылды

153 0


Алматыдағы «28 панфиловшылар» саябағында көзге түрпідей тиіп тұрған АҚШ консулдығының шлагбаумы ақыры бұзылды.

Бірқатар қоғамдық ұйымның наразылық акцияларынан кейін АҚШ консулдығының қызметкерлері шлагбаумды өздері алып тастаған екен. Алайда ардагерлер "еліміздегі барлық инстанцияларға арыз түсіргенімізге он күн өтсе де, ешқайсысынан ресми жауап келмеді", - деп отыр - деп хабарлады baq.kz

 

БАЙКАЛ ХАМЗИН, «ИНТЕРНАЦИОНАЛ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСІНІҢ ХАТШЫСЫ:

- Мынау ойлаймын біздің бәріміздің жеңісіміз. Осы шлагбаум алынып, өзіміздің ата-бабамыз жатқан жерге бара аламыз. Мына мемориалға баратын жеріміз. Ардагерлер, адамдар өтетін жер. Қазақстанның жерінде Қазақстанның заңы істеу керек.

Естеріңізге сала кетейік, бірер ай бұрын Қалдаяқов пен Әйтеке би көшелерінің маңында орнатылған тексеріс бекеті Ұлы отан, Ауған соғысы ардагерлері мен қоғамдық ұйым өкілдерінің шамына тиген болатын. Олар «бізді АҚШ рәміздерінің белгілері бар арнайы киім киген күзетшілер жөн-жосықсыз тексеріп, зығырданымызды қайнатты» деп прокуратураға арыз жазған. Ақырында шлагбаумның құлпын дәнекерлеу аппаратымен кесіп тастап, өздерінің азаматтық позицияларын білдірді.

 


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!