Барахолкадағы өрттің шығындары есептелді

Фотография - Барахолкадағы өрттің шығындары есептелді

Алматы барахолкасындағы өрттің шығындары 25 миллион теңгеден асты. Бұл туралы Алматы қалалық ТЖД тергеу бөлімінің басшысы Нариман Ержанов мәлім етті

169 0

Алматы барахолкасындағы өрттің шығындары 25 миллион теңгеден асты. Бұл туралы Алматы қалалық ТЖД тергеу бөлімінің басшысы Нариман Ержанов мәлім етті.

«Аян» базары 20 млн. 730 мың теңгеге, «Олжа» базары 590 мың теңгеге, «Керемет» базары 4 млн. 883 мың теңгеге шығындалды. Сонымен қатар, кеңсе өртеніп, оның шығыны 656 мың теңге болды. Ал өртті сөндіру үшін 12 млн. теңге жұмсалды», - дейді Ержанов.

Естеріңізде болса, базардағы өрт контейнерлердің бірінде дәнекерлеу жұмыстарын жүргізу кезінде шыққан. Оқиғаға байланысты екі бірдей қылмыстық іс қозғалды. Бірі өртке қатысты болса, екіншісі базар басшылығына қатысты - деп хабарлады  baq.kz

13 қыркүйекте Алматыдағы барахолканың «Олжа» базарында басталған өрт «Аян» және басқа да базарларға ұласып, 5 мың шаршы метрден астам аумақ өртенген. Деректер бойынша, оқиғаның салдарынан 3 адам жараланған.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!