«Халал» өнімдердің барлығына бірдей сенуге болмайды

Фотография - «Халал» өнімдердің барлығына бірдей сенуге болмайды

Қазақстан мұсылмандары одағының басшысы Мұрат Телібеков «халал» жазуы бар тауарлардың барлығына бірдей сене беруге болмайды дейді

173 0

Қазақстан мұсылмандары одағының басшысы Мұрат Телібеков «халал» жазуы бар тауарлардың барлығына бірдей сене беруге болмайды дейді.

«Қазақстанда «Халал» таңбалы өнімдерді шығару жиілеп кетті. Олардың стандартқа сай келмейтінін айтпағанның өзінде сапасы өте нашар әрі денсаулыққа өте зиян», - дейді Одақ басшысы.

Телібековтің айтуынша, Қазақстанда шығарылған өнімдердің «халал» стандартына сәйкестігін бақылайтын орган жоқ - деп хабарлады  baq.kz

«Сыбайлас жемқорлық белең алып отырған бүгінгі қоғамда қызмет көрсететін, азық-түлік өнімдерін шығаратын салалардағы кәсіпорындарға толығымен сенім арту қиын. Түркия, Малайзия, Сауд Арабиясы сияқты елдерде «халал» өнімдерін – сенімді түрде сатып алуға болады. Ал Қазақстанда бұл стандарт қалай болса солай пайдаланылады және мұндай өнімді шығаратын кәсіпорындарға ешқандай сенім білдіруге болмайды. Діни тұрғыдан алғанда, күнә саналы түрде осындай таңбамен стандартқа сай емес өнім шығарған адамға және өндірушілерді бақылаушы органға жазылады», - дейді Телібеков.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!