Марченко Обамамен дос екенін айтып мақтанды

Фотография - Марченко Обамамен дос екенін айтып мақтанды

 АҚШ Президенті Марченкоға елдің қаржылық қиындыққа тап болып отырғанын айтқан. Дағдарыстың себептерімен де бөліскен көрінеді қазақтың экс-банкирімен.

280 0

Григорий Марченко Барак Обамамен етене жақын араласатынын айтып мақтанды. АҚШ Президенті Марченкоға елдің қаржылық қиындыққа тап болып отырғанын айтқан. Дағдарыстың себептерімен де бөліскен көрінеді қазақтың экс-банкирімен.

Қазақстан Ұлттық Банкінің экс-басшысы ресей телеарналарының біріне берген сұхбатында осындай мәлімедеме жасады. Григорий Марченко Ресей журналистеріне мұндай мәлімдемені алғаш рет жасап отырған жоқ. Қыркүйек айында Қазақстанның Германияға тартып отырған қыруар инвестициясына Ангела Меркельдің наразы болып отырғанын мәлім еткен.

«Маған Обама былай деді. Републикалық партияның бір фракциясы бүкіл Республикалық партияны, ал екіншісі АҚШ Конгресін тұтқында ұстап отыр. АҚШ конгресі белшеден батқан қарыздан құтылу жолдарын қарастырмағандықтан, америка экономикасы тығырыққа тіреліп отырғанын айтты», - дейді Марченко.


Тегтер:

Отунбаева

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!