Жұмыспен қамтылған әйелдер жыл санап артып келеді

Фотография - Жұмыспен қамтылған әйелдер жыл санап артып келеді

176 0


2013 жылы Астана және Алматы қалаларында жұмыссыз отырған 584 әйел сұранысқа ие мамандықтарға қайта оқытылып, біліктілікті арттыру курстарынан өтті. Олардың 70 пайыздан астамы, яғни, 410 адам жұмысқа орналастырылды. Бұл туралы «Қазақстанның іскер әйелдері қауымдастығы» РҚБ президенті Раушан Сәрсембаева мәлімдеді.

Бүгінгі таңда Астана қаласында есепші, аспаз-кондитер, шаштараз, маникюр-педикюр, тігінші мамандар үлкен сұранысқа ие. Осы мақсатта «Жұмыссыз әйелдерді оқыту» жобасы аясында «Қазақстанның іскер әйелдері қауымдастығы» РҚБ «Шеврон» компаниясымен бірлесіп, Астана және Алматы қалаларында әлеуметтік жағдайы нашар және әлжуаз топты жаңа мамандандықтарға оқытып, жұмысқа орналастыруды қолға алды. Астанада өткен дөңгелек үстелге жиналған билік өкілдері, іскер әйелдер және жұмыспен қамтылған әйелдер қауымы бүгінге дейін жеткен жетістіктерін айта келе, алға қойған жоспарларымен бөлісті.

«Республикамызда халықтың жартысынан астамы әйелдерден тұрады. Сондықтан үлкен мемлекетті алға сүйреу тек ер азаматтарымызға қиынға соғады. Бар жүкті оларға артып қойып, қарап отыра беруге болмайды. Жалпы бүгінге дейін жұмыссыз отырған әйелдердің біліктіліктерін арттырып, жұмыспен қамту бағдарламасына 20 мыңға тарта адам қамтылды. Осының арқасында әйел адамдар тек отбасының ұйытқысы болып қана қоймай, қоғамның дамуына да өз үлесін қосып келеді», - дейді ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия төрайымы Гүлшара Әбдіхалықова.

«Шеврон» компаниясы «Жұмыссыз әйелдерді оқыту» жобасын 2009 жылдан бері қаржыландырып келеді. Жалпы 2009-2013 жылдар аралығында осы бағдарлама аясында 2598 әйел қайта оқыту курстарын тәмамдаған. Оның 10%-ы жеке кәсіптерін ашса, 70%-ы жұмысқа орналастырылған.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!