Қазақстанда мобильді «Дәрігер» іске қосылды

Фотография - Қазақстанда мобильді «Дәрігер» іске қосылды

Бүгін Астанада «Dariger» атты электронды жүйенің мобильді нұсқасы таныстырылды. Оны планшет немесе смартфонға салып, кез келген ауру-сырқатты емдеудің жолдарын білуге болады

163 0

Бүгін Астанада «Dariger» атты электронды жүйенің мобильді нұсқасы таныстырылды. Оны планшет немесе смартфонға салып, кез келген ауру-сырқатты емдеудің жолдарын білуге болады.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің департамент директоры Бейбіт Есенбаевтың айтуынша, аталған мобильді қосымша арқылы ем-домның хаттамаларын алып, оқуға болады. «Дәрігер үшін бұл көмекші сияқты, ол хаттамаларды оқып, ауру-сырқатты емдеудің жолдарын нақтылай алады. Ал қарапайым халық үшін - қазіргі медициналық қызметтер туралы толыққанды ақпарат. Қазақстанның кез келген азаматы сайтқа кіріп, оның ауруын қалай емдеу қажеттігін біле алады», - дейді Б. Есенбаев.

Айта кетейік, «Dariger» атты электронды жүйенің мобильді нұсқасы Қазақстанда жасалған. Әзірше, оны тек Android операционды жүйесі бар құрылғыларға ғана көшіріп алуға болады.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!