Жамбыл облысында 100 мыңға жуық адам тұмауға қарсы егілді

Фотография - Жамбыл облысында 100 мыңға жуық адам тұмауға қарсы егілді

«Саламатты Қазақстан» бағдарламасын жүзеге асыру аясында Жамбыл облысында 100 мыңға жуық адам тұмауға қарсы егілді

144 0

«Саламатты Қазақстан» бағдарламасын жүзеге асыру аясында Жамбыл облысында 100 мыңға жуық адам тұмауға қарсы егілді, - деп хабарлайды Қазақстан Стратегиясы 2050 сайты.

Облыстың мемлекеттік санитарлы-эпидемиологиялық бақылау Комитеті таратқан хабарламада: «Аймақта жыл сайын 20 мыңға жуық адам жедел респираторлы ауруға, 70-100 мыңдай адам тұмауға шалдығады. Аталмыш науқасқа шалдыққан 14 жасқа дейінгі балалар саны 65 пайызға дейін өссе, әйелдер саны 30 пайызға артқан», - делінген.

Биыл да жылдағыдай диспанцерлік тізімдегі балалар, әлсізденгендер мен жиі ауыратындар, мектепке дейінгі бүлдіршіндер, балалар үйі мен мектеп интернаттың тәрбиеленушілері, қарттар үйінің тұрғындары, мүгедектер мен аяғы ауыр әйелдер және жұмыскерлерінің тегін вакцинация алуына қаржы бөлген кәсіпкерліктердің қызметкерлеріне тегін егіледі.

Айта кету керек, өңірде жыл сайын бюджеттік қаржы арқылы тұмауға қарсы шамамен 80 мың тұрғын егіледі. Ал 2013 жылға 74 190 адамды тегін егу үшін қаражат бөлінген.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!