ОҚО Созақ ауданында мүмкіндігі шектеулі 15 отбасы баспаналы болды

Фотография - ОҚО Созақ ауданында мүмкіндігі шектеулі 15 отбасы баспаналы болды

Оңтүстік Қазақстан облысы Созақ ауданының орталығы Шолаққорған ауылында үй кезегінде тұрған мүмкіндігі шектеулі 15 отбасыға жаңадан салынған тұрғын үйлердің кілттері табысталды

176 0

Оңтүстік Қазақстан облысы Созақ ауданының орталығы Шолаққорған ауылында үй кезегінде тұрған мүмкіндігі шектеулі 15 отбасыға жаңадан салынған тұрғын үйлердің кілттері табысталды. Салтанатты шараға облыс әкімінің орынбасары Ербол Садыр мен аудан басшысы Аманғали Аймұрзаев қатысты. Бұл туралы ОҚО әкімдігінің баспасөз қызметінен хабарланды.

Жаңа баспанаға ие болған тұрғындарға «құтты болсын» айтқан облыс әкімінің орынбасары Е. Садыр өз сөзінде мемлекеттік саясаттың арқасында әлеуметтік мәселелерді шешуге қазынадан қомақты қаржы бөлініп, ел игілігі үшін көптеген тындырымды тірліктердің атқарылып жатқанын тілге тиек етті. Ал аудан әкімі Аманғали Түктібайұлы осы бағыттағы мемлекеттік қолдау тұрақты түрде жасалса, жақын жылдары аудандағы баспанаға мұқтаж жандардың мәселесі түбегейлі шешілетінін алға тартады.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!