Астанада туберкулезден өлім-жітім көрсеткіші 50 пайызға төмендеді

Фотография - Астанада туберкулезден өлім-жітім көрсеткіші 50 пайызға төмендеді

Елордада үстіміздегі жылдың 9 айында туберкулезден өлім-жітім көрсеткіші 49,5%, ал аталған ауруға шалдығу оқиғалары 25% төмендеді

196 0

Елордада үстіміздегі жылдың 9 айында туберкулезден өлім-жітім көрсеткіші 49,5%, ал аталған ауруға шалдығу оқиғалары 25% төмендеді. Бұл туралы елорданың ресми сайты хабарлады.

Астана қаласының туберкулезге қарсы диспансерінде 5 фтизиопедиатриялық, 8 фтизиатриялық учаске ашылды. Соның нәтижесінде, туберкулезді ерте анықтау және емдеу шараларын уақытылы қабылдау мақсатында барлық емханаларда 11 фтизиопедиатр қабылдау жүргізді.

Бұдан басқа, сүйек буын жүйесі туберкулезіне шалдыққандар үшін 20 кереуеттік остеохирургиялық бөлім ашылды, онда хирургиялық емдеудің инновациялық тәсілдерін қолдана отырып, 140 ота табысты өткізілді. Соның ішінде ірі буындар мен омыртқаға ота жасалды. Бұл емделушілердің өмір сапасын өзгертуге мүмкіндік берді. Айта кетейік, өкпе-терапевтік бөлім базасында туберкулезді дер кезінде анықтау мақсатында 10 дифференциалдық-диагностикалық кереует ұйымдастырылды. Ал амбулаторлық кезеңде туберкулезге қарсы препараттармен емдеу терапиясына арналған 6 кереуеттік күндізгі стационар ашылды. Орталықтандырылған дәрігерлік-консультативтік комиссияның күнделікті жұмысы күшейтілді. Айта кетейік, туберкулезді емдеудің басты мәселелерінің бірі - оны ерте анықтау. Оны шешу үшін аз уақыттың ішінде індетті анықтауға мүмкіндік беретін зертханалық диагностикалаудың заманауи, жетілдірілген аса сезгіш тәсілдері енгізілді.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!