Алкоголь өнімдерін сатуға болмайтын аумақтар белгіленді

Фотография - Алкоголь өнімдерін сатуға болмайтын аумақтар белгіленді

Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Қаржы министрлігі Салық комитетінің Төрағасы Әнуар Жұмаділдаев мәлім етті

260 0

Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Қаржы министрлігі Салық комитетінің Төрағасы Әнуар Жұмаділдаев мәлім етті деп хабарлайды Baq.kz

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев 11 қазанда Үкіметтің кеңейтілген отырысында алкоголь өнімдеріне бақылауды қатаңдатуды тапсырған болатын. Осыған орай, Салық комитетінің төрағасы Ә.Жұмаділдаев журналистермен өткен брифингте алкогольдік өнімдерді сату шектелетінін жеткізді.

«Парламентке ұсынылған заң жобасында алкоголь өнімдерін денсаулық, білім, денешынықтыру-сауықтыру орталықтарында, спорт ғимараттары мен стадиондардың аумақтарында сатуға тиым салынады. Айыппұл мөлшері де едәуір ұлғайтылмақ», - деді Ә. Жұмаділдаев.

Айта кетейік, осыған дейін хабарлағанымыздай алкоголь өнімдерін кешкі 21.00-ден күндізгі 12.00-ге дейінгі аралықта сатуға тиым салу туралы шектеу де осы заң жобасында көрсетілген.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!