Шардарадағы балық зауыты жаңаруда

Фотография - Шардарадағы балық зауыты жаңаруда

Оңтүстік Қазақстан облысындағы Шардара балық зауытын қайта жасақтап, жаңарту жұмысы аяқталуға жақындады. Әбден тозығы жеткен өндіріске жаңа, заманауи балық өңдейтін құрал-жабдықтар сатып алынған

594 0

Оңтүстік Қазақстан облысындағы Шардара балық зауытын қайта жасақтап, жаңарту жұмысы аяқталуға жақындады. Әбден тозығы жеткен өндіріске жаңа, заманауи балық өңдейтін құрал-жабдықтар сатып алынған. Мұның барлығы «Аграрлық несие корпорациясы» акционерлік қоғамы арқылы қаржыландырылып отыр. Бұл туралы ОҚО әкімдігінің баспасөз қызметінен хабарланды.

Бүгінгі таңда жоба басшысы өз қаржысымен балық өңдеу қондырғыларын әкеліп, жаңарту жұмыстарын жүргізуде. Жобаның жалпы құны 182 миллион теңгені құрайды. Жылына мың тонна балық өңдейтін зауыт 100-ден астам шардаралықтарды жұмыспен қамтымақ.

«Шардара балық» - ескі зауыт. Соны жаңғырту жұмысын аяқтап, биыл өндірісті жаңадан ашайық деп отырмыз. Оған қосымша қаладан индустрияландыру аймағы ашылды. Бұл бағдарламаның халықтың әлеуетін көтерудегі рөлі маңызды»,- дейді. Шардара ауданының әкімі Қамытбек Айтөреев.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!