Орталық Азиядағы ең үлкен көпір құрылысы басталды

Фотография - Орталық Азиядағы ең үлкен көпір құрылысы басталды

Жаңа көпір тұрғызу үшін мұнда жүздеген арнайы техника мен 500-ге жуық тас қалаушы, құрастырушы секілді түрлі мамандық иесі жұмылдырылған

164 0

Павлодарда Орталық Азиядағы ең үлкен көпірдің құрылысы басталды.

Ертістің екі жағын жалғайтын көпір автокөлік бағытындағы «Орталық-Шығыс» жобасы аясында жүзеге асуда. Жаңа көпір тұрғызу үшін мұнда жүздеген арнайы техника мен 500-ге жуық тас қалаушы, құрастырушы секілді түрлі мамандық иесі жұмылдырылған. Жаңа көпірдің жалпы ұзындығы 12 шақырымнан асады. Бұл Орталық Азиядағы ең ұзын өткел болмақ.

Владимир Якимчук, құрлысшы:

- Бұл – тек ауқымды ғана емес, аса жауапты құрылыс. Оны салуға адамды да, техниканы да көптеп  жұмылдырып жатырмыз. Өте сапалы, мықты көпір салып шығатынымызға сенімдімін. Өз еңбегіңнің адамдар игілігіне жарағаны керемет.

Жаңа өткел – бір емес, бірнеше көпірден тұратын толық кешен. Ұзындығы 476 метрді құрайды. Ол Ертістің негізгі арнасы арқылы өтеді. Ал тағы бір көпір  ескі Ертіс жағалауларын байланыстарды. Сонымен қатар екі шағын көпір Усолка өзені мен Щучье көлі арқылы өтеді.

Серік Төлебаев, «ҚазақЖолҚұрылыс» кәсіпорыны басқарма төрағасының бірінші орынбасары:

- Көпір арқылы Ресейге шығады, сондықтан нарықтық тұрғыдан өте маңызды жоба. Қазір Павлодар өңіріне  қомақты инвестициялар құйылуда. Ал бұл жаңа жұмыс орындары мен әлеуметтік нысандардың пайда болуы деген сөз.

Инфрақұрылымдық нысанға мемлекет 54 млрд. теңге бөледі. Көпірді 2015 жылдың желтоқсанында пайдалануға беру көзделген. Жаңа көпір кешенінің құрылысы «Орталық-Шығыс» автожолы бағыты аясында жүргізілуде және болашақта салынатын 4 қатарлы Астана-Павлодар-Өскемен  тасжолын байланыстыратын болады.


Тегтер:

темир жол

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!