«Алматы - Астрахань» тікелей әуе рейсі ашылмақ

Фотография - «Алматы - Астрахань» тікелей әуе рейсі ашылмақ

Қазақстанның SCAT әуе компаниясының вице-президенті Владимир Сыткин бастаған топ Астрахань облысында болды

172 0

Қазақстанның SCAT әуе компаниясының вице-президенті Владимир Сыткин бастаған топ Астрахань облысында болды.

Кездесудегі қозғалған басты мәселе -  Астрахань мен Қазақстан Республикасының көліктік ынтымақтастығын кеңейту, соның ішінде «Алматы-Астрахань» әуе желісін іске қосу жайы болды.

Зерттеу мәліметтеріне сәйкес, әлеуетті жолаушылар ағыны жылына 8-9 мың адам шамасында болмақ. Оның ішінде Астраханнан жақын республикалар қалаларына баратындар да бар (Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Түркіменстан).

«Астрахань облысына жасаған сапары барысында SCAT әуе компаниясының өкілдері әуежайдың инфрақұрылымы мен техникалық жабдықталуы, сонымен бірге жолаушылар терминалының және жанар-жағармай құю кешенінің жұмысымен танысып, әуежайдың өндірістік қызметін көрді»,  деп хабарлады Ресей аймағы әкімшілігінің баспасөз қызметінен.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!