Ішкі әскер спартакияда өткізді

Фотография - Ішкі әскер спартакияда өткізді

Ішкі әскердегі спорттық іс-аралардың 2013 жылға арналған жоспарына және «Қазақстан Республикасы ІІМ Ішкі әскерлеріндегі спорттың әскери-қолданбалы түрлерінен он бірінші спартакиада туралы» ережеге сәйкес 2013 жылдың 22-24 қазаны аралығында Алматы облысы Қаракемер кентінде орналасқан 6654 әскери бөлімінде әскери-спорттық кешен көпсайысынан әскер біріншілігі бойынша сайыс ұйымдастырылды.

656 0

Ішкі әскердегі спорттық іс-аралардың 2013 жылға арналған жоспарына және «Қазақстан Республикасы ІІМ Ішкі әскерлеріндегі спорттың әскери-қолданбалы түрлерінен он бірінші спартакиада туралы» ережеге сәйкес 2013 жылдың 22-24 қазаны аралығында Алматы облысы Қаракемер кентінде орналасқан 6654 әскери бөлімінде әскери-спорттық кешен көпсайысынан әскер біріншілігі бойынша сайыс ұйымдастырылды.

Әскер біріншілігіне Ішкі әскердің «Оңтүстік», «Орталық», «Шығыс», «Батыс» өңірлік қолбасшылықтарынан және 6654 әскери бөлімінен барлығы төрт команда қатысты. Үш күнге созылған сайыс барысында спортшылар Калашников автоматынан ату, қашықтыққа граната лақтыру, 100, 3000 метрге жүгіру, белтемірге тартылу бойынша жаттығулар орындап, бақтарын сынасты.

* Аталған біріншілік әскери-қолданбалы спорт түрлерінен 11

спартакиада бағдарламасы шеңберінде ұйымдастырылуда. Биыл он бірінші рет өткізіліп отырған бұл спартакиада аясында бұған дейін самбо күресінен, қоян-қолтық ұрыстан, оқ атудан біріншіліктер өткізіліп келсе, осы жолы әскери-спорттық кешен көп сайысы қосылып отыр. Жарыс мақсаты жеке құрамның дене дайындығын арттырып, олардың арасында салауатты өмір салтын, жалпы спортты насихаттау. Сайыс барысында барлық қатысушылар өздерінің жоғары спорттық машықтарын, қарым-қабылеттерін көрсетті, - деп атап өтті біріншіліктің Бас төрешісі, Ішкі әскер дене шынықтыру және спорт бастығы полковник Жанболат Ахметов.

Жарыс қорытындысы шын мықтыны анықтап, бабы мен бағы қатар шапқандарды дәл анықтағаны сөзсіз. Қазылар алқасының шешімімен көпсайыс бойынша өткен біріншілікте «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының спортшылары топ жарып, бірінші орынды қанжығаларына байласа, екінші орын «Орталық» өңірлік қолбасшылығына бұйырды. Үшінші орынды «Батыс» командасы иеленді. Төртінші, бесінші орындарды «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы мен 6654 әскери бөлімінің спортшылары қанағат тұтты. Жеке есеп бойынша көпсайыста көп ұпай жинаған аға сержант А.В. Рыжков (5518 ә/б) бірінші орынға табан тіресе, кіші сержант А.Н. Қайсабеков (3477) екінші, кіші сержант Р.А. Магомадов (6636) үшінші орындарды өзара бөлісті.

Барлық сайыс жеңімпаздары мен жүлдегерлері Ішкі әскер Бас қолбасшысының Кубогымен, медальдармен, грамоталармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.


Тегтер:

армия

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!