1 миллионды 15 жасар қари иемденді

Фотография - 1 миллионды 15 жасар қари иемденді

Бүгін Алматыдағы Студенттер сарайында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы ұйымдастырған V республикалық Құран жарысының қорытынды рухани кеші өтті.

312 0

Бүгін Алматыдағы Студенттер сарайында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы ұйымдастырған V республикалық Құран жарысының қорытынды рухани кеші өтті.

Дін жанашырлары мен демеушілерінің қаржылай қолдауымен өткен жүлде қоры 4 млн. теңгені құрайтын сайысқа республика бойынша 600-ден астам жас хафиздер қатысты. Олар төрт бағыт бойынша бақ сынасты: Құранның 5 парасын жатқа оқу, Құранды мәнерлеп оқу, 10 пара Құранды жатқа айту және қасиетті кітапты толық (30 пара) жатқа оқу.

Игі іс-шарада сөз алған Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы: «Құран оқылған, оған амал етілген үйде, жерде, елде тыныштық орнайды, Алланың берекеті болады. Бұдан түйетін ой – Құрансыз өмірдің мәні де сәні де жоқ. Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) хадисінде: «Үйлеріңізде Құран Кәрімді көп оқыңыздар. Себебі Құран оқылмаған үйде жақсылық, береке аз болады. Ондай үй-іші әрдайым қиыншылықта болады. Яғни, ондай үйде тыныштық болмайды», – деген.

Расында да, қазіргі әлемдегі, өзіміз өмір сүріп отырған қоғамдағы арсыздықтар, шаңырақтың шайқалуы, ұрыс-жанжалдардың өршіп кетуі, жамандық атаулының бәрі Құраннан алшақтаудың, Алланың сөзіне бойұсынбаудан туған қасіретті жағдайлар. Алла одан сақтасын! Қарайған жүректерге нұр беруші – Құранға ден қойған адам ондай күнәлі істерге әсте жол бермейді», – деп жиналған жамағатты жақсылыққа, ізгілікке шақырды.

Рухани кеште ән-күй шырқалды, Құранның хикметтері жайлы бейнеролик көрсетіліп, актерлердің арнайы сахналық қойылымы халық назарына ұсынылды. Ғибратты қойылымнан әсер алған көпшілік көз жасына ерік берді.        

Сонымен 600 қаридың ішінен жүзден жүйрік шыққан 5 шәкірт сахнада әділқазылар алқасының сынынан өтті. Жас дарындылар билетте келген сұрақтар бойынша Құранның аяттарын жатқа жалғастырып, мүдірмей оқып берді. Құран оқу ережесі, дауыс ырғағы мен нақышына да мән берілді. Сарапшылардың ұйғарымымен жүзден жүйрік шығып, жүлделі бірінші орынды иемденген 15 жастағы Яхия Сансызбайұлына 1 млн. теңгенің сертификатын Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы табыстады. Хусей Уәлихадием екінші орынның жүлдесін (750 мың теңге) Мәжіліс депутаты Бақытбек Смағұловтың қолынан алды. Қуаныш Тоқсанбайұлы мен Әбділғаффар Тұрсыновтар үшінші орынның ақшалай сыйлығын (350 мың теңге) қанжығаларына байлады.

«Мен 10 жасымда Құранды толық жаттап шықтым. Осындай үлкен жеңіске жетуіме әкемнің үлесі көп. Бүгінгі ұтып алған ақшамды әкеме беремін», – дейді бірінші орын иегері Яхия Сансызбайұлы.  

4 бағыт бойынша қаржылай марапатқа ие болған қарилардың тізімін жариялауды жөн көрдік.

5 ПАРА ҚҰРАНДЫ ЖАТҚА ОҚУ БОЙЫНША

Аты-жөні


Орындар

Жүлде

1

Қолпашев Абдуали 2002 (Жамбыл)


І орын

150 000 тг

2

Ахметов Азат Сапарұлы 1993 (Астана қ.)


ІІ орын

75 000 тг

3

Кенжаев Рахмат 1996 (ОҚО)


ІІІ орын

50 000 тг

4

Иманғали Марал Ермекбайұлы 1994 (Ақтөбе)


Ынталандыру

15 000 тг

5

Усыров Алим Абдумаликұлы 2000 (Алматы қ.)


Ынталандыру

15 000 тг

6

Қошқаров Абдулазиз (Алматы қ.)


Ынталандыру

15 000 тг

7

Матайбаев Ерлан Серікұлы 1989 (Семей)


Ынталандыру

15 000 тг

8

Балахмет Мұртаза Ертайұлы 1996 (Қостанай)


Ынталандыру

15 000 тг

 

ҚҰРАНДЫ МӘНЕРЛЕП ОҚУ БОЙЫНША

Аты-жөні


Орындар

Жүлде

1

Әлімбай Дияс Дәулетұлы 1998 (Астана қ.)


І орын

200 000 тг

2

Нұржол Ғазизұлы 1989 (Талдықорған)


ІІ орын

150 000 тг

3

Маханов Баубек Берденұлы 1995  (Жамбыл)


ІІІ орын

100 000 тг

4

Ерлан Базарбайұлы Битенов 1989 (Алматы қ.)


Ынталандыру

15 000 тг

5

Дариев Арман 1998 (Маңғыстау)


Ынталандыру

15 000 тг

6

Зандаров Муштах (Алматы обл.)


Ынталандыру

15 000 тг

7

Байболсынов  Есенбек 1992(Қарағанды)


Ынталандыру

15 000 тг

8

Сайлаубек Темірлан Төлепбергенұлы  1994 (Жезқазған)


Ынталандыру

15 000 тг

 

10 ПАРА ҚҰРАНДЫ ЖАТҚА ОҚУ БОЙЫНША

Аты-жөні


Орындар

Жүлде

1

Дәукен Қайырбай 1990 (Алматы қ.)


І орын

200 000 тг

2

Уәлиев Шохан 1996 (ОҚО)


ІІ орын

150 000 тг

3

Мырзагелді Иманәлі Бейбітұлы 2003 (Астана қ.)


ІІІ орын

100 000 тг

4

Қартабаев Саламат Алашұлы 1992 (Ақтөбе)


Ынталандыру

20 000 тг

5

Мырзахмет Сейдахмет 1989 (Алматы қ.)


Ынталандыру

20 000 тг

6

Әшімжан Самат Серғалиұлы 1993 (Астана қ.)


Ынталандыру

20 000 тг

7

Исмаил Рашидұлы Суалир  2000 (Алматы қ.)


Ынталандыру

20 000 тг

8

Бегжанов Құдірет Бақдәулетұлы 1991 (Алматы қ.)


Ынталандыру

20 000 тг

 

30 ПАРА ҚҰРАНДЫ ТОЛЫҚ ЖАТҚА ОҚУ БОЙЫНША

Аты-жөні


Орындар

Жүлде

1

Құрбан Яхия Сансызбайұлы 1998 (Алматы қ.)


І орын

1 000 000 тг

2

Хусей Уолихадием 1994 (Жамбыл обл.)


ІІ орын

750 000 тг

3

Абишев Қуаныш Тоқсанбайұлы  1990 (Алматы қ.)


ІІІ орын

350 000 тг

4

Турсунов Абдулгаффар 1991 (ОҚО)


ІІІ орын

350 000 тг

5

Маву Мухаммед  1994 (Жамбыл обл.)


Ынталандыру

30 000 тг

6

Серік Нұргелді 1996 (Жамбыл обл.)


Ынталандыру

30 000 тг

7

Тохтаназаров Абдунайым 1988 (ОҚО)


Ынталандыру

30 000 тг

8

Диннов Бахрам 1990 (ОҚО)


Ынталандыру

30 000 тг

9

Исмайлов Ағзам Яхияұлы 1997 (Астана қ.)


Ынталандыру 30 000 тг


Тегтер:

дін

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!