Қызылордада тағы бір балалар бақшасы ашылды

Фотография - Қызылордада тағы бір балалар бақшасы ашылды

Қызылорда қаласында «Шұғыла-2» атты 320 орындық жаңа балабақшаның ашылу рәсімі болып өтті. Бұл туралы қала әкімінің баспасөз қызметінен хабарлады

237 0

Қызылорда қаласында «Шұғыла-2» атты 320 орындық жаңа балабақшаның ашылу рәсімі болып өтті. Бұл туралы қала әкімінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Шара барысында қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаев қалада «Балапан» бағдарламасының жүзеге асырылуына үлес қосып, балабақша ғимаратын салған облыстық мәслихаттың депутаты Сейітқали Алшынбаевқа ризашылығын жеткізді.

Жалпы, Қызылорда қаласында «Балапан» бағдарламасы нәтижелі жүзеге асырылуда. Қазір қалада 108 мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында 11 мыңға жуық бала тәрбиеленуде.

Биылғы жаңа оқу жылында қалада 5 жаңа білім ордасы, 7 балабақша және 2 шағын орталық пайдалануға берілді. Түркістан және Назарбаев зияткерлік мектебінің, сондай-ақ Бірқазан, Досан ауылдары мен Наурыз мөлтек ауданының оқушылары жаңа оқу жылын жаңа да әсем ғимараттарда қарсы алды.

Қалалықтардың балабақшаға сұранысын қамтамасыз ету үшін жыл басынан бері 290 орынды құрайтын барлығы 3 бұрынғы балабақша ғимараттары қайтарып алынды. Наурыз елді мекенінде 140 орындық, Қызылжарма ауылында 280 орындық балабақшалардың құрылысы жүруде.

Жыл соңына дейін қосымша 3 жеке балабақша пайдалануға беріледі. Нәтижесінде жыл соңына дейін балалардың 73 пайызы мектепке дейінгі білім беру ұйымдарымен қамтылады.

 


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!