БҚО-да 236 қару тапсырылды

Фотография - БҚО-да 236 қару тапсырылды

Батыс Қазақстан облысында тұрғындардың өз еркімен қару тапсыру шарасы барысында 1 қыркүйек пен 24 қазан аралығында ішкі істер органдарына азаматтардан 213 өтініш түсіп, 236 қару, 1230 оқ-дәрі, 9 артиллериялық снаряд тапсырылды

220 0

Батыс Қазақстан облысында тұрғындардың өз еркімен қару тапсыру шарасы барысында 1 қыркүйек пен 24 қазан аралығында ішкі істер органдарына азаматтардан 213 өтініш түсіп, 236 қару, 1230 оқ-дәрі, 9 артиллериялық снаряд тапсырылды.

Облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, алдын ала есеп бойынша азаматтарға қару тапсырғаны үшін 9,183 млн. астам теңге төленуі тиіс. Бұл мақсатқа республикалық бюджеттен департаментке 12,848 млн. теңге бөлінген болатын. 3 млн. 664 мың 612 теңге әзірге игерілмей отыр.

Аталмыш шара 30 қарашаға дейін ұзартылды.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!