Алматыда бірқатар көшелерде қозғалыс шектеледі

Фотография - Алматыда бірқатар көшелерде қозғалыс шектеледі

Алматы қаласындағы «Астана» алаңында ауыл шаруашылығы өнімдері жәрмеңкесі өтуіне байланысты 1-ші қарашадан бастап бірқатар көшелерде қозғалыс шектеледі

255 0

Алматы қаласындағы «Астана» алаңында ауыл шаруашылығы өнімдері жәрмеңкесі өтуіне байланысты 1-ші қарашадан бастап бірқатар көшелерде қозғалыс шектеледі. Бұл туралы BNews.kz тілшісі қалалық жол полициясы басқармасына сілтеме жасап хабарлайды.

1-ші қарашада таңғы сағат 6-дан бастап Төле би көшесінің Абылай хан даңғылы мен Панфилов көшесі аралығында жол қозғалысы шектеледі. Бұл сауда және көрме павильондарын орнатуға және сатылатын тауарларды жеткізу үшін жасалып отыр, деп жазылған хабарламада.

Жол полицейлерінің айтуынша, 2-ші қараша күні сағат 18:00-де қозғалыс қайтадан қалпына келтіріледі.

Естеріңізге саламыз, 2-ші қараша күні Алматыдағы «Астана» алаңында ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді. 

 


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!