Семейде 1300 «МТЗ» тракторы шығарылады

Фотография - Семейде 1300 «МТЗ» тракторы шығарылады

Ағымдағы жылы Семей қаласында шамамен 1300 «МТЗ» тракторы шығарылады. Бұл туралы бүгін Астанада ауыл шаруашылығы саласы бойынша. «KazAgro 2013» мен «KazFarm 2013» халықаралық көрмелерінің ашылу рәсімінде ҚР Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі Альберт Рау мәлім етті

249 0

Ағымдағы жылы Семей қаласында шамамен 1300 «МТЗ» тракторы шығарылады. Бұл туралы бүгін Астанада ауыл шаруашылығы саласы бойынша. «KazAgro 2013» мен «KazFarm 2013» халықаралық көрмелерінің ашылу рәсімінде ҚР Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі Альберт Рау мәлім етті.

Вице-министр атап көрсеткендей, бүгінде Қазақстанда шығарылатын ауыл шаруашылығы техникасы барлық заманауи талаптарға сай келеді деп айту қиын. «Дегенмен, ол сала бір жерде тұрған жоқ. Оны дамыту мақсатында мемлекет жан-жақты қолдау шараларын жасап келеді. Біз болсақ, ауыл шаруашылығы саласын сапалы техникамен қамтамасыз етуіміз керек. Негізі, өз жерімізде шығарылатын техниканың саны жыл сайын артып отыр ғой. Әрине, біз оның барлығын шетелдік әріптестермен, оның ішінде Кедендік одақ елдерімен бірлесіп, құрастырып жатырмыз. Мәселен, биыл Семей қаласында шамамен 1300 «МТЗ» тракторы шығарылатын болады», - дейді А.Рау.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!