Астанада жастарға арналған бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтуде

Фотография - Астанада жастарға арналған бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтуде

Астана қалалық Жұмыспен қамту орталығында жұмыссыз жастар үшін бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтуде

198 0

Астана қалалық Жұмыспен қамту орталығында жұмыссыз жастар үшін бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтуде.

«Астанада жыл басынан бері Жұмыспен қамту орталығының қызметіне 10 436 адам жүгінген. Оның ішінде 5629 адам жастар болып отыр. Нәтижесінде 2454 адам жұмысқа орналастырылды. Олардың 1500-і - жастар. Мұндай шара биыл 12-ші рет ұйымдастырылуда. Онда 12 жұмыс берушінің атынан 600-ден астам бос жұмыс орны ұсынылды», - дейді Астана қалалық Жұмыспен қамту орталығы қабылдау және жұмыспен қамту бөлімі бастығының орынбасары Ұлан Наушабеков.

Жұмыс орындары туралы мағлұматтан басқа, өзіне лайықты кәсіп іздеушілер мен оқу орындарының түлектері Жұмыспен қамту орталығының мамандарынан қайта даярлықтан өту, жаңа мамандыққа ие болу, жастар тәжірибесіне жолдама алу, сондай-ақ «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы аясында басқа да мемлекеттік қолдаулар туралы ақыл-кеңес алуына болады.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!