«Астана» арнасы мен «NS» радиосы сатылады

Фотография - «Астана» арнасы мен «NS» радиосы сатылады

«Рауан Медиа Групп» сатылымға қойылады.

178 0

«Рауан Медиа Групп» сатылымға қойылады. «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ басқарушы директоры Нұрлан Рахметовтің айтуынша, құрамына «Астана» телеарнасы, NS радиосы және басқа да БАҚ-тар кіретін «Рауан Медиа Групп» медиа холдингін ұстап тұру «ҚазМұнайГаз» үшін тым қымбатқа түсуде екен.

Рахметовтің пікірінше, мұнай компаниясының позициясымен қарағанда, «Рауан Медиа Групп» бұл салаға қатысы жоқ актив болып табылады. «Мұнай өндіру, мұнай-газ тасымалдау, өңдеу, сату деген сияқты шаруаларға бұның еш қатысы жоқ. Сондықтан да біз «Рауан Медиа Групп» сияқты активтердің барлығынан арылуға тырысудамыз. Біз оны сатуға немесе тапсыруға тырысамыз», - деген Рахметов.

Еске салай кетейік, 2013 жылы «Самұрық-Қазына» 2356 әкімшілік қызметкерін қысқартуды жоспарлаған. Былтырғы жылы қысқарту жүргізудің арқасында қор жеті миллиард теңге үнемдеген.


Тегтер:

Телеидар

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!